nachodki.ru интернет-магазин

2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің

сапасына ішкі бақылау нәтижелері жөнінде

Қаратал аудандық әкімдігінің жұмысы туралы есебі

 

Қаратал ауданында 21 мемлекеттік органда (білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі, ауыл шаруашылық бөлімі,, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары бөлімі, қала құрылысы және сәулет бөлімі, ветеринария бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық  және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі, спорт бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауылдық округ әкімі аппараттары) мемлекеттік қызметтің 92 түрінен қызмет көрсетіледі.

Аудан аумағында  Мемлекеттік корпорацияның бөлімі аудан орталығы Үштөбе қаласында жұмыс жасайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Қаратал ауданының әкімдігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының Үкіметінің  2013 жылғы 18 – қыркүйектегі             № 983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік  қызмет  көрсету  Реестріне  (тізіміне)  сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетті. Олардың 21 түрі тек қана мемлекеттік органдарда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 11, 13 - электрондық ақпарат жүйесі арқылы көрсетілген.

2017 жылдың төртінші тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 15011  (12. жол), оның ішінде қағаз түрінде көрсетілген (МО) – 10590 қызмет (12.1. жол).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 589 (12.2. жол),  электрондық ақпараттық жүйесі  арқылы көрсетілген  мемлекеттік  қызметтердің  саны – 3832 (12.3. жол).

 Мемлекеттік органдармен көрсетілетін қызмет алушыға қызметті көрсетуден  негізсіз бас тарту жағдайлары болған жоқ.

 Статистика көрсетіп отырғандай, 2017 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша неғұрлым қажет етілген қызмет:

1)    Ветеринария саласында; 

«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі - 5985, (39,9 %),

«Жеке қосалқы шаруашылығы бар жөнінде анықтама беру» - 1898, (12,6 %).

2)  Халықты әлеуметтік қорғау саласында;

«Он  сегіз  жасқа  дейінгі  балаларға  мемлекеттік  жәрдемақы тағайындау» - 2522, (16,8 %).

 

           2017 жылдың 12 айында  мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің бұзылуының алдын алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан 12  семинар-кеңес, жиналыстар  өткізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы  2013 жылғы 15 - сәуірдегі Заңының 11-бабының 12-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 3 бөліміне сәйкес  Қаратал  ауданы  әкімдігінің  мемлекеттік  органдарында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 2016 жылы 09 желтоқсандағы аудан әкімі аппараты  басшысының  №81 бұйрығымен бектілген ішкі бақылау іс-шаралары сәуір-мамыр  айларында «Қаратал білім бөлімі» ММ –мен «Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ –де, тамыз айында  «Қаратал ауданының жұмыспен қамту орталығы» ММ –де және қыркүйек айында «Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ –де жүзеге асырылды. 

Аудандық әкімдіктің барлық мемлекеттік органдарында ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін және тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті нормативті актілер қабылданған.

2017 жылға жоспар бойынша «Қаратал ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі өзінің қарамағындағы «Қаратал ауданы әкімдігінің аудандық ветеринариялық станциясы» ММ-не  сәуір, қараша айларында-2, «Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі өзінің қарамағындағы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ-не мамыр, қараша айларында -2, «Қаратал ауданының білім бөлімі» ММ-сі өзінің қарамағындағы 7 мектепке мамыр, маусым, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларында ішкі бақылау тексерістерін жүргізді.

             Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен регламенттер,  анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары  туралы ақпарат, соның ішінде электрондық үлгідегісі Қаратал ауданы әкімдігінің ресми Интернет – ресурсында (karatal.gov.kz), «Электрондық үкімет» веб – порталында, сондай – ақ ХҚО РМК-ның Интернет – ресурсында орналастырылған.

Қаратал ауданы әкімдігінің медиа – жоспары (мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі жөніндегі БАҚ-да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің басылымға шығуы) 2017 жылдың 24 – сәуірінде өзгерістер мен толықтырулармен қайта  бекітілген кестеге сәйкес жыл басынан аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 27 мақала  жарияланды.

Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып отыр.

2017 жылдың есепті кезеңінде Қаратал ауданының әкімдігі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде  кемшіліктер орын алған. Атап айтқанда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің есептерінде кемшілік жібергені үшін «Қаратал ауданының ауылшаруашылық бөлімі» ММ-нің бас маманы Б.Мұсабековке, «Қаратал ауданының білім бөлімі» ММ-нің бас маманы А.Сембековаға және  көрсетілген  мемлекеттік қызметтің мерзімінің  сақталмауы жөнінде жіберген  кемшілігі  үшін «Қаратал ауданының сәулет, қала құрылысы бөлімі» ММ-нің бас маманы  М.Қанатбайға тәртіптік жаза салынған.

Сонымен қатар есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету туралы, көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына шағым болған жоқ.