Бейсенбі, 04 Маусым 2020
№ Жер учаскесін алған тұлғаның аты-жөні Жер учаскесін беру негізі Нысаналы мақсаты Алаңы Орналасқан жері Құқық түрі Жалға алу мерзімі 1 Осман-Оглы Назико Хасановна Ескелді а.о. әкімінің 04.05.2020ж. № 10 шешім Өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 0,15 га Ескелді би ауылы, Гагарин к-сі № 10 жалға 3 жыл 2 Алимжанов Даурен Ауельханович Ескелді а.о. әкімінің 25.05.2020ж. № 12 шешім Өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 0,15 га Қайнар ауылы, Қайнар к-сі № 12 жалға 3 жыл 3 Алимжанова Гульмира Ауельхановна Ескелді а.о. әкімінің 25.05.2020ж. № 13 шешім Өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 0,15 га Қайнар ауылы, Қайнар к-сі № 14 жалға…
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің ұсынысы негізінде, аудан әкімінің аппараты, қала, ауыл округтері әкімдік ғимаратындағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының негізінде «Onlaın qabyldaý» бейімделді. Осы ретте,  ауылдық округтері әкімдіктерінде ұйымдастырылған «Onlaın qabyldaý» бұрыштары арқылы  ауыл тұрғындары қашықтан аудан әкімінің қабылдауында бола алады. Жеке тұлғалар  және заңды  тұлғалардың өкілдері  8(72834)21257, 8(72834)21803 байланыс телефондары  арқылы қабылдауға алдын ала  жазыла  алады. Қаратал ауданы әкімінің аппараты
Достар, егер сіз телеграм қосымшасының пайдаланушысы болсаңыз, ХҚО-ға барарда кезекті egovkzbot2.0 арқылы брондап көріңіз!Ол үшін:- EgovKzBot2.0 ботын тауып, /start батырмасын басыңыз- Қызметтер ішінен  ХҚКО-ға кезекті брондауды таңдаңыз- Елдімекен мен баратын ХҚО-ңызды көрсетіңіз- Қызмет түрін таңдаңыз- Баратын күніңіз бен уақытты таңдаңыз (Егер бронь жасалмаса, өзге уақытты таңдап көріңіз)Брондау сәтті өтсе, сіздің телефоныңызға тиісті хабарлама келеді!
Алматы облысының мамандандырылған ХҚО-лары арқылы 5000 жуық автокөлік тіркеліп, 1600 жүргізуші куәлігі берілді.13-ші мамырдан бастап Алматы облысының   автоәуесқойлары үшін Талдықорған қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа форматта іске қосылды..Енді мамандандырылған ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы және Telegram-бот арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.Сонымен қатар, облыс бойынша Қарасай ауданындағы мамандандырылған ХҚО және Қапшағай қаласы, Панфилов, Сарқан, Енбекшіқазақ аудандарында орналасқан секторлары еш  өзгеріссіз жұмыс жасайды.Дүйсенбі мен сенбі аралығында…
Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін ХҚО-ға кезекті брондау әдістерінің түрі көбейтілді. Енді қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылы ғана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен де брондай алады.Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады.Сонымен, ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады.Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған…