nachodki.ru интернет-магазин

 

 

Қаратал ауданында 21 мемлекеттік органда (білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі, ауыл шаруашылық бөлімі,, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары бөлімі, қала құрылысы және сәулет бөлімі, ветеринария бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық  және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі, спорт бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауылдық округ әкімі аппараттары) мемлекеттік қызметтің 99 түрі қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік органдармен көрсетілетін қызмет алушыға қызметті көрсетуден  негізсіз бас тарту жағдайлары болған жоқ.

2018 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 82469, оның ішінде қағаз түрінде көрсетілген (МО) – 2819 қызмет,  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 72897, электрондық ақпарат жүйесі арқылы – 1373, Мемлекеттік корпорация арқылы – 4659, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 390, электрондық ақпараттық жүйесі  арқылы «е-лицензирование» -331.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 - сәуірдегі Заңының 11-бабының 12-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 3 бөліміне сәйкес Қаратал ауданы әкімі аппаратының 2017 жылғы 05 желтоқсандағы № 140-б бұйрығымен және 2018 жылғы 23 қазандағы №108-б бұйрығымен бекітілген аудандық жергілікті атқарушы органдардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізудің 2018 жылға жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 2018 жылдың 23 сәуірдегі №46-б бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданының білім бөлімі ММ-де, 16 мамырдағы №58-б бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-де, 16 тамыздағы №86 бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы КММ-сінде, 17 қыркүйектегі                              № 99-б бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданының спорт бөлімі ММ-де,  24 қазандағы №109-б бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданының жер қатынастары бөлімі ММ-де, 09 қарашадағы №121-б бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ-де және 16 қарашадағы 127-б бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданының ауыл шарушылығы бөлімі ММ-де ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Сонымен қатар, 24 қазандағы №109-б бұйрығына сәйкес, «Қаратал ауданының ветеринариялық бөлімі» ММ-нің 2017 жыл 15 желтоқсандағы № 39/а бұйрығына сәйкес 2018 жылдың 02 сәуірінде «Қаратал ауданы әкімдігінің аудандық ветеринариялық станциясы» ОВП ШЖҚ МКҚ – ға, «Қаратал ауданының білім бөлімі» ММ-нің 2018 жылдың 03 қаңтарындағы № 1 бұйрығына сәйкес 15 мектептерге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. (оның ішінде ІV тоқсанда 4 қазандағы №109-б бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданының жер қатынастары бөлімі ММ-де, 09 қарашадағы №121-б бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ-де және 16 қарашадағы 127-б бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданының ауыл шарушылығы бөлімі ММ-де, «Қаратал ауданы білім бөлімі» ММ-нің өзінің қарамағындағы 2018 жылдың 03 қаңтарындағы № 1 бұйрығына сәйкес 25 қазан  күні Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебінде, 15 қараша күні А.С.Пушкин орта мектебінде, 20 қараша күні №13 ОМ жанындағы интернатында ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді).

  1. Жалпы 2018 жылдың ішкі бақылау жоспары бойынша 22 мекеме, оның ішінде IV тоқсанында 6 мекемеге тексеріс жүргізілініп, Қаратал ауданының жер қатынастары бөлімі ММ-де анықталған кемшіліктердің саны 3.

24 қазандағы №109-б бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданының жер қатынастары бөлімі ММ-де бақылау шараның кезінде төмендегілер анықталды:

"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 п. сәйкес көрсетілетін қызметті алушы (заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын есептеген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі болып табылады.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге - өтініш қағаз тасығышта қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады;

Алайда, жер қатынастар бөлімінің жинақ папкасында көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша 3 өтініш берушінің жеке куәліктің көшірмесі тігілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге - өтініш қағаз тасығышта қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетілмеген.

          2018 жылдың 02 қарашадағы №17 бұйрығымен аталған мемлекеттік қызметке жауапты Қаратал ауданының жер қатынастары бөлімі ММ-нің бас маманы І.Саяқбаевқа ескерту берілді.

        Қаратал ауданы әкімдігінің медиа – 2018 жылдың жоспарына (мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі жөніндегі БАҚ-да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің басылымға шығуы) сәйкес жыл басынан аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 27 мақала жарияланып,  7 семинар – кеңес, жиналыстар өткізілді. Сонымен қатар, 2018 жылдың 20 желтоқсанда бектілген жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің ұйымдастыруымен электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіру, цифрлік қолтаңбаны насихаттау мақсатында аудандағы барлық қала/ауыл окруктерінде жәрмеңке өткізілді.

         Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып отыр.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімін сақтау бойынша мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөліммен қадағаланып, мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бұзылғаны анықталған жоқ.

Мемлекеттік органдармен көрсетілетін қызмет алушыға қызметті көрсетуден  негізсіз бас тарту жағдайлары болған жоқ.

Сонымен қатар есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету туралы, көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына шағым болған жоқ.