Интернет-магазин nachodki.ru

 

 Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бекітілді. Бұл кодекс бойынша мемлекеттік қызметшілер қызмет барысында Мемлекет басшысының саясатын қолдауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруы тиіс. Сонымен қатар, Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшіге шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншіктегі автокөлікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай орындауға міндеттейді. Сондай -ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта қоғамға жат мінез-құлық көрсетпеуге, қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін кетіруге және адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде жүруіне жол берілмейтіндігі жазылған.

2019 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының Статистика департаментінің Қаратал ауданының Статистика басқармасы  қызметшілеріне  Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлбахыт Рымбекқызы Жүмәділова Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалары мен Әдеп кодексін сақтау бойынша  түсіндіру кеңесін өткізді.

-Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға, сонымен қатар іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс, - деп атап өтті Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі.

Басқарма қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларында жалпы мінез-құлық стандарты мен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеу әдебі жайлы   ой-пікірлерін білдірді.

 

 

Қаратал ауданының статистика басқармасы.